Енді қазақстандар үшін некені тіркеу уақыты бір айдан 3 жұмыс күніне дейін қысқармақ. Қазақстанда некені тіркеу рәсімі қысқарғанын үкіметтің биылғы алғашқы отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтқан, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Sputnik сілтеме жасап. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда некені тіркеу уақыты 1 айдан 3 күнге дейін қысқарту жоспарда бар екендігін айтты. Бұл тұрғындарды көп күттірмей, шаруасының оңтайлы шешілуіне мүмкіндік береді. "Некені тіркеу қызметін оңтайландыру арқылы оның мерзімін бір айдан үш жұмыс күніне дейін қысқартуға болады. Сондай-ақ өтініш жазған күннен бастап екі ай ішінде неке қиюды тіркеу күнін таңдауға мүмкіндік беріледі", — деді Ақпарат және коммуникациялар министрі. Салық төлеушілердің артық төлеген сомасын автоматты түрде қайтару да қарастыралады.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет сайт архивінен