©
Қарақия ауданындағы өзекті мәселенің бірі - апаттық тұрғын үйлер. Ондағы тұрып жатқан халықты жаңа пәтерге қашан қоныстандырады. Сондай-ақ Құрық ауылында қанша жаңа жұмыс орыны құрылды? Бұл сауалдарға ӨКҚ өткен брифингте Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғын үйді пайдалануға беру бағыты бойынша ауданда 2018 жылдың 12 айында 372 шаршы метр тұрғын үй берілсе, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 100,1%-ды көрсетіп отыр.
"Ал Құрық ауылында 5 тұрғын үйдің құрылысы әлі жүріп жатыр. Ол құрылыс аяқталса 120 пәтердің кілтін тізім бойынша тұрған азаматтарға ресми түрде табысталатын болады", - деді аудан әкімі.
Осы орайда, 900-ден астам әлеуметтік осал топтағы тұрғын мен бюджеттік сала қызметкері де тұрғын үй кезегінде тұр.
Айта кетелік, бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген Жетібай ауылындағы апаттық жағдайда тұрған ескі үйлердің тұрғындарын жаңа пәтерге көшіру жоспарда бар. Егер 2019 жылы республикалық бюджеттен нақтыланып қолдау тапса, онда биыл апаттық тұрғын үйлердің құрылысын бастамақ. Қыдырберді Бековтің айтуынша, ескі үйлер апатты деп танылып, оның орнына 2 қабатты 48 пәтерлік екі тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаты дайындалды. Жобаның құны 1 млрд 187,6 шамасында болып отыр.
Қарақияда жұмыссыз жастардың үлесі 2%
Қарақия ауданда 2018 жыл 2925 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланып, қазір 2978 жаңа жұмыс орынымен тұрғындарды қамтыды. Атап айтсақ, 2624 адам тұрақты жұмысқа 2624 адам, ал уақытша жұмыс орынмен 334 адам.
«204 адам тұрақты жұмысқа, 8 адам әлеуметтік жұмыс орынына, 21 адам жастар практикасына, 31 адам қоғамдық жұмысқа, 28 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға, 10 адам «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолданса, 2 адам шағын несие алды. Қазіргі 414 адамды жұмыссыздыққа тіркеу және жұмыссыздықтан қорғау шарасына тартылды», - дейді Қарақия ауданының әкімі.
Ал аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 3,4%, сондай-ақ жастар арасында жұмыссыздықтың деңгейі 2% болып отыр.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН