Халықтың көкейіндегі жүрген Жетібай мен Құрық ауылдарының арасындағы 64 шақырым тас жолы қашан жөнделетінін бүгін Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков айтты. ӨКҚ өткен брифингте әкімнің айтуынша, тас жолының сметалық құжаты жасалып қойған. Жобаның құны 11 млрд теңге болады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Құрық пен Жетібай арасындағы 64 шақырым тас жолын қайта құрылымдау жұмыстары биылдан басталады деп жоспарланып отыр. Жол салу үшін 11 млрд теңге республикалық бюджетте қарастыралады. Бұл жоба қолға алынса, сонда ауданның негізгі инфақұрылымдық бағыты шешіледі.
https://youtu.be/qT70jLYtngw"Елбасының қатысуымен Құрық паромының кешенді құрылысы іске қосылып, сонымен қатар көліктік логистика аясындағы "Жетібай-Жаңаөзен", "Бекет ата-Қызылсай" бағытындағы жолдардың құрылысының салынып басталуын мысалға алуға болады", - деді Қыдыберді Беков.
Ендігі күн тәртібінде ауылішілік жолдар тұр. 2015 жылы Жетібай ауылында 17 шақырым жолдың жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, оның 13 шақырым жолы салынған. Қазір 4 шақырымы қалып тұр.
"Құрылыс жұмыстарға 2018 жылдың 11 айында 56 млрд 49 млн теңгенің жұмысы жүргізілді. Қарақия ауданы құрылыс жұмысы ауқымды жүріп жатқан ауданның бірі болғандықтан, жоғары көрсеткішті құрап отыр", - деді аудан әкімі.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет пен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН