©
2019 жылдың алғашқы аптасында Маңғыстау облысының өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне 17 рет шақырту түскен. Оның 5-еуі өрт жағдайы, 8-і жану жағдайы болса, мамандар 3 рет авариялық-құтқару жұмыстарына шақырту алған. Бір шақырту жалған болып шықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық ТЖД сілтеме жасап.
2019 жылдың 2 қаңтарында сағат 20.54 шамасында Ақтау қаласының 11 шағынауданында екі бөлмелі пәтерден өрт шығады. Пәтердің ас бөлмесі, дәлізі және дәретханасы толықтай жанып кеткен, қалған 2 бөлмесі ысталған. 56 ш/м пәтердің 15 ш/м жанған. Зардап шеккендер жоқ. Себебі мен залалдарын кезекші тергеушілер анықтап жатыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, осы аптада Бейнеу ауданында екі өрт оқиғасы тіркелген. 3 қаңтар күні сағат 16.05 шамасында Бейнеу ауылында үйге жалғанып тастан салынған, төбесі ағашпен жабылып, шифрленген жылу қазандығының ішінде киім кешек пен тұрмыстық заттардың жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ 4 қаңтар күні сағат 23.40 шамасында "Бейнеу-Боранқұл" тас жолы бойында орналасқан асхананың қызметін атқарып тұрған 20 тонналық темір вагон толықтай жанып кеткен. Қазір себебі мен залал көлемі анықталып жатыр. Ешкім зардап шекпеген.
Өткен аптада облыста екі өрт оқиғасы болды. 05 қаңтарда сағат 03.11 шамасында Маңғыстау ауданы, Шетпе-1 ауылында үйдің ауласында тұрған 2005 жылы шыққан «TOYOTA CAMRY 35» маркалы автокөлігінің толықтай жанып кеткен. Себебі әзірге белгісіз. Зардап шеккендер жоқ. Осы күні сағат 19.05-те Ақтау қаласында жүріп келе жатқан «Газель» көлігінің қозғалтқыш бөлігі жанып, өрт сөндіру қызметі жеткенге дейін сөндірілген. Оқиға 27 шағынауданда болған. 2016 жылы шыққан көлік Денсаулық сақтау басқармасына қарасты екен.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет сайт архивінен