Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының Түпқараған аудандық филиал директоры болып Азамат Қармышев тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азамат Қармышев 1985 жылы дүниеге келген. Ол Алматыдағы Қайнар Университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Сонымен еңбек жолына көз жүгірсек: 2007-2008 және 2011-2012 жылдары облыстық жастар орталығы директорының орынбасары;
2008-2011, 2013-2014 және 2015-2018 жылдары Атамекен кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары, кәсіперлерге қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары болып қызмет атқарған; 2012-2013 жылдары Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылы әкімінің орынбасары және аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары болып жасады; 2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының Мұнайлы аудандық филиал директоры қызметінде болды.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет Түпқараған аудандық әкімдігінен алынды