Түпқараған аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне Айдарбаев Жәнібек Кайдарғалиұлы тағайындалды. Бұл туралы Түпқараған ауданының әкімдігі хабарлады.
Жәнібек Кайдарғалиұлы 1979 жылдың 3 қаңтарында Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары: 2000 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінің «Машина жасау технологиясы, жөндеуші инженер» мамандығы бойынша, 2004 жылы «Қайнар» университетінің «Шетел тілі; екі шетел тілі, шетел тілі мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1997-2000 жж. - «Маңғышлақ атом энергокомбинаты» мемлекеттік кәсіпорынында зертханашы-металлограф;
2000-2003 жж. - «Маңғышлақ атом энергокомбинаты» мемлекеттік кәсіпорнында материалды техникалық жабдықтау бойынша экономист;
2003-2004 жж. - «МАЭК-Казатомпром» ЖШС жабдықтау департаментінің жөндеу жұмыстарына арналған құрылыс, жылу оқшалау, қосалқы материалдар мен материалдық ресурстар тобындағы құрал инженері;
2004-2008 жж. - «МАЭК-Казатомпром» ЖШС сатып алу және жабдықтау департаментінің жөндеу жұмыстары үшін құрылыс, жылу оқшаулағыш, қосалқы материалдар мен материалдық ресурстар тобының басшысы;
2008-2009 жж. - «МАЭК-Казатомпром» ЖШС материалды техникалық жабдықтау бойынша жетекші экономист;
2009-2016 жж. - «МАЭК-Казатомпром» ЖШС жөндеу зауытының өндірістік–техникалық бөлімінің бастығы;
2018-2019 жж. - «Электромонтаж» АҚ өндірістік–техникалық бөлімінің бастығы;
2019-2020 жж. - «Мыңқыстау құрылыс ЖШС учаске бастығы.