Маңғыстаулықтар үшін 2019 жылы коммуналдық қызметтердің тарифтері қанша пайызға төмендейтіні жөнінде ӨКҚ өткен брифингте айтты. Тарифтерді төмендету 3 бағытта жүреді: 1) газдың бағасын төмендету, 2) тұтынушыларға дейін электр энергиясын тасымалдау тізбегін оңтайландыру, 3) инвестициялық және операциялық шығындарды қайта қарастыру. Бұл туралы МО энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Салимов айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ж. Салимовтың айтуынша, электр энергиясының тарифі Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында - 2%, Мұнайлы ауданында – 3%, сондай-ақ Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған және Бейнеу аудандарында 4%-ға түседі деп жоспарланған.
https://youtu.be/vIXDU-LmHtoТабиғи монополияларды реттеу бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтардың қорғау комитетінің МО департаментінің басшысының орынбасары Бақытбек Бекмұратов айтуынша, ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығымен газға жаңа тариф бекітілген. Яғни бұдан былай электроэнергиясын өндірушілер газды 1 м3 үшін 19,1 теңге емес, 16,8 теңге алатын болды. Осының нәтижесінде «МАЭК» ЖШС электр энергиясын өндіру тарифі 1 кВт/сағ үшін 13,12 теңгеден 11,64 теңге төмендетіп отыр. Сондай-ақ энергия тасымалдаушы «МРЭК» АҚ компаниясы электр энергиясының тарифін төмендетеді. Енді тұрғындар 1 кВт/сағ үшін 2,29 теңгеге алады. Бұрын 2,49 теңге болған. "Теңге тиыннан құралады" дейді мамандар.
Осы орайда, өңір бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындарға белгіленген тарифтердің төмендетілген құнын назарларыңызға ұсынамыз. Айта кетелік, барлық тарифтер қосымша құн салығынсыз көрсетілген.
электроэнергиясына 4%:
- Ақтау қаласы 15,62-ден 15,25 теңге/кВт.сағат немесе 2%
- Жаңаөзен қаласы 18,02-ден 17,65 теңге/кВт.сағат немесе 2%
- Маңғыстау ауданы 16,82-ден 16,09 теңге/кВт.сағат немесе 4%
- Мұнайлы ауданы 14,52-ден 14,15 теңге/кВт.сағат немесе 3%
- Қарақия ауданы 16,81-ден 16,08 теңге/кВт.сағат немесе 4%
- Түпқараған ауданы 17,48-ден 16,75 теңге/кВт. сағат немесе 4%
- Бейнеу ауданы 16,82-ден 16,09 теңге/кВт. сағат немесе 4%
Сумен қамтуға 7%:
- «Каспий су тұщыту зауыты» 1 м3 үшін 193,65-тен 181,39 теңгеге немесе 7%
- «Казсушар» РМК филилаы 1 м3 үшін 591,8-ден 527,23 теңгеге немесе 11%
- «УДТВ» ЖШС 1 м3 үшін 49,39-дан 48,42 теңгеге дейін немесе 2%
- «Түпқараған су жүйесі» 1 м3 үшін 163,65-тен 147,29 теңгеге 10%
- «Маңгыстау Жылу» МКК 1 м3 үшін 250,26-дан 237,75 теңгеге немесе 5%
- «Дария» МКК 324,51-ден 318,02 теңгеге немесе 2%
Жылумен қамтуға 3%:
- «КЖСА» МКК Гкал үшін 712,16-дан 690,99 теңгеге за немесе 9,62%
- «ӨзенЖылу» МКК Гкал үшін 2053,04-тен 2046,29 теңгеге немесе 0,26%
- «Манғысстау жылу» МКК Гкал үшін 2990,99-дан 2723,74 теңгеге 7,99%
(ыстық суға)
- «ӨзенЖылу» МКК 1 м3 үшін 358,17-ден 356,77 теңгеге немесе 0,39%
- «КЖСА» МКК 1 м3 үшін 99,10-дан 93,89 теңгеге немесе 2,81%
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет пен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН