Маңғыстауда облысындағы өлкемен аттас бір аудан мен бірнеше ауылдың бар екендігі, олардың атауын өзгерту туралы мәселе бұған дейін бірнеше рет көтерілген еді. Осы мәселе шешімін тауып, Мұнайлы ауданындағы «Маңғыстау» атты 5 ауылдың атауы өзгерді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ауылдардың атауы Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының шешімімен ауылдарға төмендегідей атаулар берілген: Маңғыстау 1 – Ақ еспе; Маңғыстау 2 – Бозжыра; Маңғыстау 3 – Айрақты; Маңғыстау 4 – Шерқала; Маңғыстау 5 – Бесшоқы.
Естеріңізге сала кетейік, ауылдардың атауының қайталанатыны Маңғыстау облысы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуінде де көтеріліп, Мұнайлыдағы Маңғыстау-1,2,3,4,5 ауылдарының атауын өзгертіп, белгілі тұлғалардың атын беруді ұсынған еді. Сол кезде Мұнайлы ауданының әкімі қызметін атқарған Н. Тәжібаев онамастика комисииясына «Ақеспе», «Бозжыра» секілді жер-су атаулары ұсынылғанын айтқан болатын.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Сурет сайттың архивінен