©
2018 жылдың соңына дейін Маңғыстауда футболдан балалар құрамасы құрылмақ. Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен кездесу барысында «Каспий» футбол клубының өкілдері айтты. Клуб басшылығы мен бапкерлер құрамы футбол маусымының қорытындысы мен алдағы жоспар туралы баяндады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Биыл Маңғыстаудың "Каспий" ФК шетелдік мамандар келді. Кездесу барысында Ақтауға қосымша бір стадион және жаттығу үшін футбол базасы қажеттігі айтылды. Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің айтуынша, жыл соңына дейін клуб басшылығы Маңғыстау облысының балалар құрамасын құрмақ. Балалар үшін «Болашақ чемпиондар лигасы» өткізу ойда бар екен.
«Футболды насихаттау мақсатында өткен ашық есік шарасына 300 жас спортшы қатысты. Балалар арасында «Caspy Cup» турнирі өткізілді. Футбол орталықтары мен академиялар арасында өткен Қазақстан біріншілігінде маңғыстаулықтар 3 орынды жеңіп алды», - деді «Каспий» футбол клубының даму бойынша менеджері Владимир Рибич.
Кездесуде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов клуб басшылығының алдына келесі маусымда Қазақстанның Премьер-лигасына шығу туралы міндет қойды.
«Маңғыстауда жаттығу базасын құру, балалар үшін халықаралық турнирлер өткізу, Қазақстанның футбол орталықтары мен академиялар арасында турнирлер өткізу, дарынды балалар үшін стипендиялар тағайындау және ребрэндинг өткізу туралы ұсыныстар бойынша оң шешімін табуға ықпал етеміз», - деді Е.Тоғжанов.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жөндеуден стадионда «Каспий» футбол клубы «Қайрат А» командасын қабылдап, ойынды 3200 көрермен тамашалады. Осылайша «Каспий» ФК көрермендердің ойынға келуі жағынан Бірніш лига командалары арасында 2 орынды алды.
Сондай-ақ «Каспий» футбол клубы «Арсенал Киев» командасымен меморандумға қол қойып, маңғыстаулық екі ойыншы украиналық футбол клубында тәжірибеден өтіп жатыр.