©
Бұл жөнінде Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жөндеу жұмыстары жартас маңындағы жаяу жүргіншілер жолының белгілі бір аумағының өртенуіне байланысты жүргізілмек, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов бастаған бір топ маман сол жерге барып жағдаймен танысты. Оқиғаға байланысты шұғыл көшпелі жиын өткізіліп, 4 шағынаудан «Каспиан Ривьера» қонақ үйінен бастап 1 шағынаудан «Яхта клубқа» дейінгі аралықты жабу туралы шешім қабылданды», - делінген әкімдік хабарламасында.
Жартасты жағалаудың жалпы аумағы - 1450 метр. Бүгінде оның 1 шақырымында ғана жөндеу жұмыстары аяқталған. Нысан әлі толық пайдалануға берілген жоқ. Сондықтан тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанша жоғарыда аталған аралыққа жабылады.
Өрт туралы хабарлама өрт сөндіру бөліміне 1 желтоқсан күні түнгі сағат 21.12-де келіп түсіп, толығымен 22.35-те сөндірілген. Мамандардың айтуынша, жолдың өртенген бөлігінің ұзындығы – 12 метр. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Айта кетейік, екі күн бұрын Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі теңіз жағалауындағы жарнама конструкциясының әйнегін белгісіз біреулер сындырып кеткенін жазған болатын.
"Теңіз жағалауында жалпы саны 30 жарнама конструкциясы болса, бұзақылар оның бірін және 19-ының әйнегін сындырған. Қала әкімдігі оларды уақытылы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп отырады", - делінген хабарламада.
Жағалаудағы мұндай оқиғалардың жиілеп кетуіне байланысты әкімдік тұрғындарды халық игілігіне жасалған дүниелерге жауапкершілікпен қарап, күтіп ұстауға шақырады.
https://www.youtube.com/watch?v=Gl3kBm-VwM0