©
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне сілтеме жасап mangystaumedia.kz сайты хабарлайды. Өткен аптада, 26 караша-2 желтоқсан аралығында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері дабыл бойынша – 28 рет шақырту алған. Оның ішінде 8 өрт жағдайы, жану жағдайы – 17, авариялық-құтқару жұмыстары – 3 рет.
Атап айтсақ, 26 қараша күні таңғы 9:00 шамасында Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Шетпе – 1 тас жолында «Уаз 469» автокөлігінің алдыңғы қозғалтқыш бөлігі толықтай жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.
Сол күні түс кезінде Ақтау қаласы Өндірістік аймақта орналасқан «АКМО-88» ЖШС мекемесіне қарасты ғимараттың 2 қабатындағы ас бөлмесінде өрт болған. Кешке 19:33-те Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, Қазақауыл көшесі, №194 «б» үйінің ауласында орналасқан моншасының төбесі толықтай жанып кеткен.
27 қарашада Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округы, Алау көшесі, №228 үйдің жанында тұрған Мазда кронос маркалы автокөлік өртенген, зардап шеккендер жоқ.
28 қарашада Маңғыстау ауданы, Ақтау-Қаражанбас тас жолы бойында «Газель» автокөлігі өртенді.
30 қараша күні Қарақия ауданы Жетібай-Жаңаөзен тас жолы бойында 14 шақырым қашықтықта «Каспий Транском» мекемесіне қарасты Уаз автокөлігі жанып кеткен.
1 желтоқсанда 21 сағ. 12 мин Ақтау қаласы, 4 А ш/а теңіз жағалауы жартастағы соқпақ және ағаштар отқа оранған. Жану көлемі 20 ш/м, құрғақ шөп пен ағаштардың жану көлемі 120 ш/м. Зардап шеккендер жоқ. Себебі мен залалдарын кезекші тергеушілер анықтап жатыр.
2 желтоқсанда Жаңаөзен қаласы, «Байтерек» ш/а, «Казметаллом» ЖШС-не қарасты базаның ішінде мұнай қалдықтары бар трубалар да өртенген. Жану көлемі 40 ш/м.
Маңғыстау облысы ТЖД өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, құқық қорғау қажеттіліктері, өрт сөндіру туралы ақпарат алу үшін «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің сенім телефонына (43-55-06) хабарласуды қаперге береді.