©
Ақтау жастары жазушы, сатирик, сазгер Ерекен Қорабаевпен кездесті. Аймаққа танымал тұлғаларды, көшбасшыларды насихаттап, оларды үлгі етуді мақсат еткен шараны МО ««Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды. «Жанымызда жүр көшбасшы» деп айдар таққан басқосуға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен ұстаздар, қала тұрғындары қатысты.
Кездесу шымылдығы Ерекен Қорабаевтың «Қаратаудың бойында», «Қарақия» әндерімен түрілді. Артынша кейіпкер жайлы мәліметтер айтылып, әзіл әңгімелері мен өлеңдері оқылды. Артынша жиналған көпшілік өнер иесіне сауалдарын қойды.
«Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Жанымызда жүрген көшбасшы» атты шараны ұйымдастырып отырмыз. Мақсаты – өңірімізден шыққан тұлғалардың шығармашылығымен, өмірбаянымен, болмысымен жастарды таныстыра отырып, олардың бойындағы патриотық сезімін нығайту. Бүгінгі қонағымыз – балалар әдебиетінде өзіндік үлесі бар жазушы, сатирик, ақын Ерекен Қорабаев. Жаһандану заманында жастар туған елін, жерін, тұлғаларды құрметтеп, оларды үлгі етсе дейміз. Ерекен ағайдың шығармашылығымен студенттерімізді, оқушыларды етене таныстырғымыз келеді», - дейді МО «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жібек Ахметова.
Басқосуда ақын жастарға арналған бірнеше өлеңін тарту етсе, оның шығармашылығымен етене таныс студенттер де жырдан шашу шашты.
«Менің балалық шағым ән мен жырдың мекені – Шайыр ауылында өтті. Ол ауылда өскен адамның ақын, жазушы не әнші болмауы мүмкін емес. Жыңғылдыдағы мектепте білім алдым. Сол мектепте ән сабағында нота үйрендім. Әкеміз ертерек кетіп, бізді анамыз бағып-қақты. 8 жылдық мектепті тәмамдап, әскерге барып келдім. Одан соң байланыс саласында жұмыс істедім. Өмірімнің көп бөлігі телевизияда өтті. «Қазтелерадио» мекемесінде 2008 жылға дейін қызмет еттім. Ал шығармашылықты 2000 жылдары қолға алдым», - дейді Ерекен Қорабаев.
https://www.youtube.com/watch?v=TSndifKSo5s&t=0s&list=PLGSGM9pf1rYmfVhHHraeHDM2aC_oYll6k&index=3Халықаралық «Алтын қалам» байқауының жүлдегері, жан-жақты өнер иесі жастарға тағылымы мол әңгімелер, мысалдар айтып, есіл естеліктерімен бөлісті.
«Тандем» радиосында «4-тің шайы» деген хабар жүргізетінмін. Бір күні қонаққа Марат інімді шақырдық, қазір филормонияның әншісі. «Дауысың халықтық әнге келеді екен» деп, «Қара таудың бойында» деген әнімді ұсындым. Сол сәтте баянмен сүйемелдеп, бірден айтып кетті. Сол ән таралғалы Марат – Марат, Ерекен – Ерекен болды», - деп еске алды ол.
[embed]https://youtu.be/TSndifKSo5s[/embed]Кездесуге келгендер Ерекен Қорабаевтың өлеңдерін оқып, әзілдерінен үзінді айтты. Белсенді қатысқан, сұрақ қойып, атсалысқан қатысушыларға кеш кейіпкерінің қолтаңбасы қойылған кітаптары сыйға тартылды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="66822,66824,66823,66820,66821"]