Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыздан жасалған мүсіні қойылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтің мүсіндері 1992 жылғы мамыр айында Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі генерал-полковник Нұрмағамбетовті тағайындау туралы жарлыққа қол қойған сәтін бейнелейді.
Президенттің мүсіне жолақты қою сұр түсті костюм кигізілген.
Жұмыстың авторы – суретші-гиперреалист Айдос Есмағамбетов. Ол Абылай хан мен Барак Обаманың мүсіндерінің авторы. Айта кетерлігі, суретші Айдос Есмағамбетов бұған дейін Президенттің тағы бір балауыз мүсінін жасаған.