©
Келесі жылы «Три оф лайф» демалыс орны аумағында 3 жаңа нысан бой көтермек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Өркен Бисақаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасына жетіспейтін электр қуатымен, сумен, газбен қамту, сонымен қатар, қолданыстағы жолды 4 жолаққа дейін кеңейту құрылыстары бойынша жобалар енгізілді. Аталған іс-шараларға республикалық бюджеттен 2019-2020 жылдарға 27 млрд. теңге шамасында қаражат бағыттау жоспарлануда. Нәтижесінде, келесі жылы «Три оф лайф» демалыс базасы аумағында 3 жаңа нысан: 250 орынды «Нұр» санаторийін, 120 орынды «Волна» қонақ үй кешенін және жаңа «Три оф лайф» ойын-сауықтыру кешенін салу жоспарланды», - деді Өркен Серікқалиұлы.
Сонымен бірге инвесторлармен 2020 жылы 5-6 жаңа қонақ үй кешенін салу жөнінде келіссөздер жүргізілуде.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА