©
Келесі жылы «Маңғыстау-Ақтөбе» және «Маңғыстау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойыздарының вагондары жаңартылмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстан темір жолы – жүк тасмыалы» АҚ филиалының «Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің» директоры Ғұбашев мәлімдеді.
Оның айтуынша, аталған, мәселені шешу үшін «Қазақстан темір жолы» компаниясы мен ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі арасында келісім жасалған. 2019 жылдың І жартыжылдығында «Маңғыстау-Ақтөбе» және «Маңғыстау-Алматы» пойыздарын жаңғырту жөнінде шешім қабылданған.
Украинада жасалған вагондар 2019 жылдың жаз айына дейін қолданысқа беріледі деп жоспарланған.
Жаңаөзендегі қайғылы жағдайдың болғанына 1 жыл толды. Тепловоз бен газель көлігінің соқтығысы салдарынан 9 адам қайтыс болып, 27 адам түрлі жарақат алған болатын. Осыған орай директордан оқиғадан кейінгі өзгерістер, өткелдерде бір жылда жасалған жұмыстар жайлы да сұрадық.
«Ол жағдайдан кейін барлық өткелге қауіпсіздік сақтау мақсатында бейнебақылау орнатылды. Бұрын технологияда ол қаралмаған, бірақ бақылауда ұстау үшін жасалды. Бүгінде қиыршық тас таситын үлкен жүк көліктерінің көбеюіне байланысты өткелден күніне 5 мың көлікке дейін өтеді. Оның бәріне бір маман қарап тұруы мүмкін емес. Сондықтан Ақтау, Жаңаөзен, Шетпе өткелдері бейнебақылау назарында. Ешқандай апатты жағдай, кемшіліктер болған жоқ, болуға тиіс те емес», - деді Нәжімеден Бақтығалиұлы.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА