©
Елордада өтіп жатқан Дзюдо күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының алғашқы күні маңғыстаулықтар үшін сәтті басталды. 60 келі салмақта өнер көрсететін «Жас батыр» спорт мектебінің палуаны Бауыржан Нарбаев чемпион атанды.
Жеңімпаз Н.Тұрғынов (Түркістан обл), Р.Аманханов (Павлодар), Е.Сұлтанбай (Алматы қаласы), Д.Сүйекенов (Алматы обл) сынды қарсыластарын тізе бүктіріп, ақтық кезеңде жастар арасында әлем чемпионы қызылордалық М.Шамшадинмен кездесті. Бес кездесуде бабының басым екенін дәлелдеп шықты.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 13-16 қараша аралығында өтеді. Бұл – дзюдодан ересектер арасында ел чемпионатында қоржынға түскен Маңғыстау тарихындағы алғашқы алтын жүлде.
Бейнежазба "Жас батыр" спорт мектебінен алынды
https://www.youtube.com/watch?v=ZcSm6JzJPyE&feature=youtu.be