Румыния елінің Бухарест қаласында самбо күресінен ерлер, әйелдер және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты өтті. 11 қараша , жарыстың соңғы күні қоржынымызға қола медаль түсті. Жүлдені 52 салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұркен Домбаев салды. Бапкері - Берік Түсіпқалиұлы.
Сайысқа әлемнің 80 елінен 450-ден астам спортшы қатысты. Ерлер – 9, әйелдер – 9, жауынгерлік самбо – 9 салмақ түрінен бақ сынасты.
«Жас батырлық» спортшы қырғыз, хорват, өзбек, моңғол самбошыларын жеңген болатын. Дегенмен шешуші кезеңде армениялық балуанға қолының жарақаты салдарынан есе жіберді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері самбо күресінің 80 жылдығы медалімен бірге 1-орынға 3000$, 2-орынға 2000$, 3-орынға 1500$ ақшалай сертификаттарымен марапатталды.
3 күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрама командасының қоржынына 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль түсті. Ал жалпы командалық есепте Ресей құрамасы – 1 орын, Грузия – 2 орын, Қазақстан құрамасына – 3 орын бұйырды.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="65439,65438,65437"]