VI Әлем чемпионаты 8-10 қараша күндері «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде өтеді.
Салтанатты рәсімге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Нұрбек Жұмабекұлы, ашихара-каратэден VI Әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің менеджері Игорь Отаров, «Ашихара-каратэ қоғамдастығы–жаңа халықаралық каратэ» ұйымының басшысы Кантё Хиденори Ашихара және спортшылар мен жаттқтырушылар қатысты.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=aN59JEG3pLc[/embed]Аталмыш жарыстың ерекшелігі — Азияда алғаш рет өткізілуі. Бұған дейін Еуропада ғана өткізілген.
Үш күнге созылатын халықаралық жарыс үш бөлімнен тұрады.
Катадан өтетін жарыс (жеке және командалық) – 8 қараша;
Ашихара фулл жарысы (жаңа стиль) – 8 қараша;
Ашихара Кумитэден өтетін жарыс – 9-10 қараша;
Ақтауда өтетін чемпионатқа 20-ға жуық мемлекеттен 370 адам келмек. Оның 243-і спортшылар, қалғаны жаттықтырушылар, команда жетекшілері мен жанкүйерлер.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=zjWgKwF4kZU[/embed]Айта кетейік, қатысушылар мынадай номинациялар бойынша жарысады: 14 жасқа дейінгі балалар; 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер; 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар; 18 жастан 35 жасқа дейінгі, егде жастағы адамдар; 35 жастан асқан және ардагерлер.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА, Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="65336,65332,65339,65337,65338,65335,65334,65330,65331,65333"]