©
Ақтауда №1 маршрутты автобус іске қосылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,
Автобус халық саны артып, жаңа шағын аудандар бой көтеруіне байланысты қосылып отыр.
Соңғы жылдары қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы ілгеріледі. Сәйкесінше қалаішілік қоғамдық көліктердің қажеттілігі туындады.
«Аталған көлік әзірге 30 минут сайын қатынауда. Бірер күннен кейін әр 15 минут сайын жүретін болады. Жүру сызбасына сәйкес 29А мен Шығыс1 аралығындағы «Сенім» емханасынан 17 шағынаудан «Грин Парк» тұрғын үй кешеніне дейін барады», - делінген әкімдік хабарламасында.