19 қазан күні Ақтауда туберкулез бен онкологиялық ауруларының алдын алу бойынша акция өтті. Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен 1 Ақтау қалалық емханасы ұйымдастыруымен өткен шараға онколог дәрігерлер, жалпы тәжірибелі терапевтер және медбикелер қатысты.
-Акция өткізудің басты мақсаты - тұрғындардың онкологиялық, туберкулез ауруларының алдын алу және уақытылы тексерудің маңыздылығы туралы халықты ақпараттандыру. Сондай-ақ аурулар туралы жалпы білімді нығайту, осындай акциялар тегін медициналық көмектің қағидаларын түсіндіруге көмектеседі деп ойлаймыз, - дейді аға медбике Кенжебекова Надежда.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, акцияға 100-ге жуық адам қатысып, қант диабеті, туберкулез және т. б. аурушаңдықтарына тексерілді.