17 қазан күні Ресей Федерациясы Керчь қаласындағы политехникалық колледжде жарылыс болды. Сол сәтте 10 адам қаза болып, 20-дан астамы ауруханаға жеткізілген еді. Ал бүгін қаза болғандар саны 20-ға жетті. Бұл жөнінде ТАСС агенттігі хабарлады.
«Оқу орнында қаза болғандар саны – 20. Соңғы катафалк мәйітханаға үш емес, төрт адамның мүрдесін жеткізді. Тағы бір адам табылды», - деді қалалық әкімшілік басшысының орынбасары Дилявер Мельгазиев.
Сәрсенбі күні күндіз Керчь политехникалық колледжінде студент жарылыс жасап, артынша өзіне қол жұмсаған. Сол сәтте 50 адам ауруханаға жеткізіліп, 10-ы ауыр халде жан сақтау бөліміне жатқызылған.
Алдымен «Лаңкестік» бойынша қозғалған қылмыстық іс кейін «Адам өлтіру» фактісі деп өзгертілді.
Қырым басшысы Сергей Аксеновтің айтуынша, оқиғаға себепкер колледждің 4 курс студентінде сол сәтте 150 оқ болған. Оның ешқандай діни ұйымдарға қатысы жөнінде ақпар тіркелмеген. Достары, араласатын адамдары да көп болмағаны айтылған.
Республика басшылығының мәліметінше, қазір 12 адам ауыр халде жатыр.
С.Аксенов бұл оқиғадан соң қаладағы барлық мектептер мен балабақшаларға бүгіннен бастап күзет қызметі қойылатынын жеткізді.
Сондай-ақ қайғылы жағдайға байланысты Қырымда үш күн қаралы күн деп жарияланды.