©
Жер қатынастары жөніндегі жетекші сарапшы, жер қатынастары саласындағы құқықтық және сот жүйесінде мол тәжірибесі бар кәсіби заңгер Бақытжан Базарбек Маңғыстауда тегін семинар өткізіп, тұрғындардың сұрағына жауап береді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР МҚІСЖҚ іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы 2018 жылдың 5 қазанындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жер қатынастарына баса назар аударды. Осыған байланысты агенттік азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында Қазақстанның барлық өңірінде жер мәселелері бойынша тегін семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.
Азаматтар келесі сұрақтар бойынша кәсіби тегін кеңес ала алады:
- жеке тұрғын үй салуға берілетін жер учаскелерін беру;
- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту;
- жерге орналастыру ісі, жер учаскелерін саралау;
- жер учаскелерін игермеу және мақсатты игермеу кезінде кері қайтару, сонымен қатар мемлекеттік қажеттілікке байланысты қайтарып алу;
- өз бетінше құрылыс жүргізу;
- тиімсіз жер учаскелері, шекара салу;
- су шекара аймағы және алқап, су қорғау аймақтары мен жолақтары, қызыл сызықтар, санитарлық қорғау аймақтары;
- жерді заңсыз иемдену, рейдерлік басып алу.
Кездесу Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ғимаратында өтеді.
Өтетін күні: 11 қазан 2018 жыл.
Өтетін уақыты: сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін.
Барлық сұрақтар бойынша 8 (7292) 30-36-43 телефон нөміріне хабарласуға болады.