©
Президенттің өзінің биылғы жолдауында кәсіпкерлер жұмысын басынан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес үшін салық амнистиясын жүргізуге тапсырма берген болатын. Яғни кәсіпкерлердің өсімақылары мен айыппұлдарын есептен шығарылады. Маңғыстауда шамамен 600 шағын және орта бизнес субъектісі салық амнистиясын қолдана алады. Бұл туралы кеше Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен облыс активінің отырысна айтылды. Жиын барысында Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті шаралар айқындалды.
Аймақ басшысы Жолдаудағы бірінші басымдық халық табысының өсуі екенін атап өтті. 28 мың бюджет қызметкерінің еңбекақысы орта есеппен 35%-ға өседі. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі 25 000 адам үшін төлем мөлшері ұлғайтылатын болады. Сондықтан Ералы Тоғжанов барлық бюджеттік мекемелерге, жалақыны көтеру туралы есепті экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына дереу ұсынуды тапсырды.
Бәсекелестікті дамыту және монополистік компаниялардың тарифтерін реттеу мәселесі бойынша Е.Тоғжанов Монополияға қарсы департаментке қалалық және аудандық әкімдіктермен бірлесе отырып, тұрғындардан жиналған қаражатты тиімді пайдалану бойынша монополистер мен ПИК-ке тексеру жүргізуді тапсырды.
«Елбасы шағын және орта бизнес үшін салық амнистиясын жүргізуге тапсырма берді. Бұл – өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығару деген сөз. Негізгі критерий – тек адал салық төлеушілер үшін амнистия жарияланады. Амнистия салық берешектері 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін пайда болып, 1 қыркүйекке дейін төленбеген жағдайда ғана жүргізіледі. Мемлекеттік кірістер департаментінің деректері бойынша, шамамен 600 шағын және орта бизнес субъектісі амнистияны қолдана алады. Осы департаментке кәсіпкерлік және сауда басқармасымен, қала және аудан әкімдерімен бірлесіп, салықтық амнистияға түсетін шағын және орта бизнес субъектілерімен тиісті жұмысты жүргізуді тапсырамын», - деді Ералы Тоғжанов.
Агроөнеркәсіптік секторды дамытуға мемлекет бөлген қаражат, бірінші кезекте, өңірдегі жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы басқармасы Министрлікпен қажетті қаражат бөлу мәселелері бойынша тиісті жұмыс жүргізуі қажет. Бұл қаражат бірінші кезекте өңірді жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы басқармасы қажетті қаражатты облысқа бөлу бойынша Министрлікпен тиісті жұмыстар жүргізуі қажет.
Сонымен бірге «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ауыл кәсіпкерлеріне арналған оқыту картасын әзірлеуді, сондай-ақ қаржы институттары арқылы қаржыландырылатын жобаларды жандандыруды тапсырамын.
«Елбасы инновацияны дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды. Ең алдымен баламалы энергетиканы, жаңа материалдарды, биомедицинаны және басқа да бағыттарды ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін облысымызда бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, Батыр ауылында қуаты 2 Мвт күн электр станциясы пайдалануға берілді; Маңғыстау және Түпқараған аудандарында жел және күн электр станцияларының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ мұнай компаниялары инновациялық жобалар бойынша үлкен жұмыстарды қолға алуда», - деді облыс әкімі.
Жиынға қатысқан бизнес өкілдері, ұстаздар қауымы мен жастар жағы жолдауда айтылған мәселелерге қатысты өз ойларын ортаға салды. Кәсіпкер Надежда Карась кәсіпкерлерді дамытуға және қолдауға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. ШОБ үшін несиелендірудің қол жетімділігі мәселесі ерекше маңызды: "Біз несиелеуге қол жеткізгенде өндірісті дамытуға және жаңғыртуға дайынбыз. Екінші деңгейдегі банктермен ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша жұмыс істеу қиын, пайыздық мөлшерлемелер өндірісті дамытуға мүмкіндік бермейтін жоғары, сондықтан Президенттің бұл мақсаттағы халық тұтынатын тауарларды шығаратын жобаларға 600 млрд.теңге бөлінетіндігі туралы шешімі өте өзекті және уақтылы. Бұл шешім отандық өндірістің дамуына серпін береді", - деді.