Маңғыстауда 4-7 қазан аралығында «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде Қазақстаннан шыққан бокстан тұңғыш спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы ХI-ші халықаралық турнир өтті.
Былғары қолғап шеберлерінің жарысына республикамыздың әр аймағынан келген облыстық командалар, сондай-ақ алыс-жақын шет мемлекеттерінен Армения, Әзірбайжан, Германия, Израиль, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан, Польша, Ресей, Сирия және Тәжікстан Республикасынан келген командалар бағын сынады.
Жалпыкомандалық есеп бойынша: 1 орын - Маңғыстау облысы(3 алтын, 2 күміс, 5 қола), 2 орын - Өзбекстан Республикасы(1алтын, 1 күміс, 3 қола), 3 орын - Израиль мемлекеті(1 алтын, 1 күміс), 3 орын - Сирия Араб Республикасы(1 алтын, 1 күміс), 3 орын - Əзірбайжан Республикасы(1 алтын, 1 күміс) алды. Сондай-ақ Тəжікстан Республикасы(1 алтын) 6 орынға шықты.
Облыс бойынша Қызылорда 1 күміс, 2 қола, Қырғызстан 1 күміс, Ресей Федерациясы 3 қола, Польша 1 қола, Қарағанды 1 қола және Алматы облысы 1 қола медальге қол жеткізді.
Айта кетейік, халықаралық турнирді тамашалуға тұңғыш боксшының қызы Тоты Шоқырқызы да келді.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="62974,62975,62976,62977,62978,62979,62980"]