ҚР Үкіметінің қаулысымен Анатолий Валерьевич Шкарупа ҚР энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін аталған қызметті атқарған Б. Жақсалиев лауазымынан босатылды, деп хабарлады mangystaumedia.kz сайты primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Анатолий Шкарупа 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «отын-энергетика кешені саласындағы экономика және менеджмент, инженер-экономист» мамандығы бойынша, 2016 жылы — КАЗГЮУ университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1998 жылы «KEGOK» ААҚ-да жетекші маман болып бастады, онда 2005 жылға дейін бөлім басшысы, Жоспарлау және экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары қызметтерінде еңбек етті.2005–2013 жылдары Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР агенттігі құрылымында жұмыс істеді. Электр және жылу энергетикасы саласында реттеу департаменті директоры, Агенттік төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
2013–2104 жылдары — «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасы.
2015–2017 жылдары — Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі.
2017 жылғы мамырдан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.