©
Финляндияның Эспоо қаласында өткен Finlandia Trophy халықаралық турнирінде Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Olympic.kz сілтеме жасап.
Қысқа бағдарлама 70,95 ұпай жинаған Тұрсынбаева еркін бағдарламаны бірінші орынмен аяқтады. Ол еркін бағдарлама қорытындысы бойынша әлем және Еуропа чемпионы, ресейлік Елизавета Туктамышевадан да озып кетті.
Сондай-ақ Тұрсынбаева өз мансабында тұңғыш рет 70 ұпайдан асырып жинап отыр.
Жалпы есепте 200,74 ұпай жинаған Элизабет биылғы маусымдағы екінші күмісіне қол жеткізді. Бірінші орынды ресейлік Е.Туктамышева алды.
Айта кетейік, биылдан бастап Тұрсынбаева ресейлік бапкер, Олимпиада чемпионы Алина Загитованың жаттықтырушысы Этери Тутберидзенің қол астында дайындалуда.