ҚР Үкіметі Энергетика министрлігі, Қаржы министрлігі және өкілетті орган — «PSA» атынан, сондай-ақ Eni, Shell, Chevron, «Лукойл» және «ҚазМұнайГаз» (бұдан әрі – Консорциум) компаниялары атынан Қарашығанақ жобасының акционерлері Объективтілік индексі бойынша дауды достық жолмен реттеу жөнінде қағидаттық уағдаластыққа қол жеткізді, - деп хабарлады primeminister.kz сайты.
Қазақстан Республикасы мен Консорциум арасында пайда беретін өнімді бөлу мәселесінде тараптардың үлестерін калькуляциялау әдістемесі бойынша келіспеушіліктер болатын. Осыған орай Қарашығанақ жобасының Өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің (бұдан әрі – ӨБТК) шарттарына сәйкес Қазақстан өз құқықтарын қорғау үшін халықаралық төрелікке талап-арыз берген еді. Дегенмен, көп жылдық ынтымақтастық тәжірибесін ескере отырып, тараптар келіссөздер барысында дауды реттеудің өзара тиімді бейбіт жолын тапты.
Осылайша, Тараптар уағдаластықтарды бекіту үшін Қағидаттар туралы келісімге қол қойды. Осы келісімде реттеудің мынадай негізгі шарттары келтірілген:
Осылайша, осы реттеудің жалпы ақшалай құндылығы Қазақстан үшін $1,7 млрд құрайды, оның ішінде шамамен $1,3 млрд-ты мемлекет жақын арада алады.
Үкімет көрсетілген ұсынысқа қосымша Консорциумның Қарашығанақ жобасының болашақ дамуы үшін маңызды инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыру бойынша міндеттемелерін қабылдауы туралы келісті. Алдын ала инвестициялар көлемі $5 млрд сомасына бағаланады, бұл 2037 жылға дейін бір баррель үшін $80 бағасымен ҚР үшін табыстардың шамамен $23,5 млрд (немесе NPV10-да шамамен $6,4 млрд) өсуін көздейді.
Сонымен қатар тараптар жергілікті МӨЗ-дер үшін және Батыс Қазақстан облысында газ-химия кешенін дамыту үшін коммерциялық шарттарда көмірсутек шикізаттарын (мұнай мен газды) жеткізу мүмкіндігі туралы келісті.
«Бұл Консорциуммен жүргізілген күрделі келіссөздердің бірі болды, үш жылдай уақытқа созылды. Мұндай ұзақ мерзімнің болуы даудың күрделі мазмұны мен сипатын ғана білдірмейді, бұл біздің, біріншіден, еліміздің экономикасын алға қойғанымызды, яғни, келіссөздер шеңберінде Қазақстан үшін пайданы барынша көбейтуді көздегенімізді айқындайды. Дауды бейбіт жолымен реттеу — ҚР-ның стратегиялық серіктестермен туындайтын дауларды келісімшартта көзделген ережелерге сәйкес достық жағдайында шешетінін көрсетеді», — деді энергетика министрі Қ. Бозымбаев.
Бүгінгі таңда реттеудің негізгі қағидаттары келісілген және осы жылдың соңына дейін Дауды реттеу туралы түпкілікті келісімге қол қойып, мәмілені аяқтау жоспарланған.