Тараз қаласында Кеңес Одағының спорт шебері Бақытжан Ташметовті еске алуға арналған дзюдодан Халықаралық турнир өтіп жатыр. Турнирде маңғыстаулық «Жас батыр» мектебінің спортшысы Нұрсұлтан Жұбатқан чемпион атанды.
28-30 қыркүйек күндері 2001-2002 жылы туған жасөспірім ұл-қыздар бақ сынамақ.
Нұрсұлтан алғашқы айналымда өзбекстандық спортшымен кездесіп, екінші Жамбыл облысы, үшінші Шымкент қаласынан келген спортшыларды жеңді. Ақтық сайысқа жолдама үшін Алматы облысының палуанымен кездесті. Шешуші кезеңде Жамбыл облысының палуанынан басым түсті.
Турнирге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия елдерінен және Қазақстанның барлық өңірінен келген 600 спортшы қатысып жатыр.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА