©
Ақтауда «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасының екі күнінде Ақтау ҚІІБ-нің 532 қаулысымен 5 млн 229 мың 432 теңге өндірілді. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайтына Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы қыркүйек айының 26-28 аралығында өткізілді. Салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру мақсатында жасалған іс-шара бойынша Ақтау жедел-профилактикалық іс-шарасына әкімшілік және жергілікті полиция қызметінің, сондай-ақ прокуратураның, мекемелердің қызметкерлері жұмылдырылды.
2018 жылдың 8 айында қала көлемінде әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 27972 әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы 168 млн 493 мың 866 теңгеге айыппұл салынып, оның 16359 қаулысы 109 млн 940 мың 453 теңгеге өндірілген, яғни 65 % құрады.
Шараны өткізуге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге барлығы 15 мекеме мен кәсіпорынға хат жолданды. Ақтау қаласы ІІБ ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесіп уақытында төлету мақсатында мекен-жайлары бойынша ескерту хаттары таратылды.
Айта кетейік, баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 894, 895-баптарына сәйкес, өндірісіндегі сомасы 11 млн 920 мың 20 теңге, сондай-ақ 1200 борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы іс-құжаттар мәжбүрлі түрде өндіруге жеке сот орындаушыларына жіберілді.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="62321,62322"]