Ақтау қаласында триатлоннан Қазақстан кубогінің финалдық кезеңі өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарысқа Elite және U19 категориясы бойынша Астана, Алматы, Шымкент және Қостанай облысынан 20 атлет қатысты.
Алдымен жарыс жолына жасөспірімдер шығып, «спринтерлік» қашықтықтағы үздіктер анықталды. Олардың арасында Буэнос-Айрестегі Жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын қорғайтын Даниил Зубцов та бар.
Дода басталған бетте-ақ алдына жан салмаңған Зубцов 01 сағат 02 минут және 36 секунд көрсеткішімен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогін еншіледі. Екінші орында шымкенттік Ерасыл Аманжолов, үшінші сатыда шымқаланың тағы бір өкілі Әлихан Әбусейіт.
Ересектер арасында 02:02:09 нәтижесімен Сабыржан Қосақ (Шымкент) кубок иегері атанды. Жеңімпаздан екі секунд қалып қойған Дарын Қонысбаев күміс, Александра Автушка қола медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында 02:30:42 уақыт көрсеткішімен Ғазиза Құмақбаева топ жарды. Екінші орында Дарья Бычкова, үшінші сатыда Әйгерім Нұрғали.