©
Бүгін Маңғыстау облысы Әділет департаментінде заңды тұлғаларды тіркеу және зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу бойынша ашық есік күні өтті.
Әділет департаментінің барлық жұмыс бөлімдері заңды тұлғаларды тіркеу, зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу, азаматтық құқықтарын тіркеу, борышкерлердің құқықтарын тіркеу бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" кеңес береді. Бұл ашық есік күндері айына бір рет өткізіліп тұрады.
«Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша көбінесе ЖШС-ны тіркеледі. Тіркеу бойынша әр түрлі сұрақтар келеді. Мәселен басшысы немесе мамандар ауысып жатқанына байланысты сұрақтармен келеді. Екінші көп тіркелетін бөлім – жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімі. Бұған қатысты сұрақтар өте көп болады. Қазір коммерциялық емес азаматтарға арналған халыққа қызмет көрсету орталығына дейін бізге келіп тіркеледі. Бізде сондай-ақ АХАЖ бөлімі - азаматтардың құқығы тіркеледі. Ал сот орындаушылар бөлімінде борышкер болған азаматтарды алимент өндіру секілді әр түрлі сұрақтар бойынша жауап ала алады», -деді МО Әділет департаменті заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ақан Керек.
Мамандардың айтуынша мемлекеттік қызмет тікелей халыққа қызмет көрсету орталығынан көрсететін болған соң органға келмей-ақ көрсетілетін қызмет. Мұнда тек қана құжаттарын әкеледі. Әділет департаменті өз кеңесін береді.
«Жеке кәсіпкерлік субьектілерін тіркейтін кезде, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдарды тіркеу уақытында мөр сұратылмайды. Яғни, мөрдің міндеттілігі жоқ. Бұл Азаматтық Кодекске және кәсіпкерлік заңында ол туралы нормалар қосымша енгізілді. Мысалы қандай да бір қайта тіркеу тарату немесе банкке барсаңыз мөрді талап ету міндеттілігі жоқ. Егер сіз кәсіпкерлік субьектісі болсаңыз кәсіпкерлік мекемені ашқаннан соң мөр жасатпаяқ жұмыс жасай беруіңізге болады», - деді заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ақан Әбубәкірұлы.
Айта кетейік, қазіргі таңда мемлекеттік мекемелердің заңды тұлғаларын тіркеу өзгерген. Заңды тұлғаны тіркеп, банк шотын ашып, сақтандыру шартын жасауда, кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелерді тіркеуде орта және кіші кәсіп ашатындар Egov.kz порталы арқылы онлайн тіркеле алады. Тек жеке куәлігіңіз бен ЭЦХ кілтіңіз болса болды. Бұл арқылы уақытты да үнемдеуге болады.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="61730,61732"]