22-23 қыркүйекте Ақтауда алғаш рет триатлоннан ел Кубогінің ақтық сайысы өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан Республикасы «TEMIRADAМ» Кубогінің финалы – Elite (кәсіби) және Age group (әуесқой) санатындағы спортшылар арасында триатлон бойынша өткізілетін республикалық Кубок.
Жарыс мақсаты - елдегі үздіктерді анықтап, қазақстандық кәсіби және әуесқой спортшылардың шеберлігін арттыру;триатлоннан кәсіби бапкерлер мен төрешілерді даярлау; ел аймақтарында триатлонды дамыту және насихаттау.
Бірінші сайыс күні Астана, Алматы, Шымкент пен Қостанай қалаларынан келген кәсіби спортшылар бәсекеге түсетін болады.
Elite санатындағы және 23 жасқа дейінгі атлеттер «стандарт» қашықтығында жарысатын болады:
1500 м жүзу + 40 км велосипедтік жарыс + 10 км жүгіру.
17 және 19 жасқа дейінгі спортшылар «спринт» қашықтығында сынға түсетін болады:
750 м жүзу + 20 км велосипедтік жарыс + 5 км жүгіру.