28 тамыздан бері Маңғыстауда құқық қорғаушылар жарты тоннаға жуық бекіре тұқымдас балықты заңсыз айналымнан тәркіледі. Бұл балықтар сирек кездесетін әрі құрып кету қаупінде тұрғандықтан, заңсыз балық аулағандардың үстінен іс қозғалған. Бір ай көлемінде анықталған барлық 8 оқиға бойынша ҚР 339 бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары басталды. Атап айтқанда, 30 тамыз күні «Ақтау-Форт-Шевченко» тас жолының 48 шақырымында автокөліктен 19 дана салмағы 80 келі бекіре тұқымдас балығы табылып, тәркіленген. Ал 7 қыркүйек күні «Ақтау-Форт-Шевченко» тас жолында тағы бір көліктен салмағы 38 келі 7 дана балық анықталды. 14 қыркүйек күні дәл осы тас жолда 164 және 127 келі бекіре тұқымдас балық тиеген екі көлік тоқтатылды. 18 қыркүйектегі тексеру барысында тағы 29 келі балық тәркіленді. https://www.youtube.com/watch?v=t6GHotPeQ1k Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл бап бойынша төмендегідей жауапкершілік қарастырылған: 3000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде (шамамен 7 215 000 теңге) айыппұл салу немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу. Барлық анықталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жалғасуда. Суреттер мен видеоны Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі ұсынды [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="61329,61328,61326,61325"]