Ақтауда триатлоннан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді. Осыған орай 22-23 қыркүйек күндері қаладағы бірнеше жол уақытша жабылады.
-Жарыстың шешуші кезеңі қаламызда өтпек. Қатысушылар үш қашықтықта сынға түседі. Алдымен 1500 м жүзіп өтіп, 40 шақырым велосипедпен жарысады. Соңында 10 шақырым жүгіреді. «Спринт» қашықтығында сайысатындарға 750 м жүзу, 20 шақырым велосипедтік жарыс және 5 шақырым жүгіру болады.
Ал 23 қыркүйек күні әуесқойлар жарысқа шығады. 1900 м жүзуден, 92 шақырым велосипедпен, 21 шақырым жүгіріп өтеді, - дейді МО спорт басқармасы басшысының м.а. Нұрбек Қарабалаев.
Финиш дала сахнасының жаны болып белгіленген.
Жол төменде көрсетілген бағыттар бойынша таңғы 7:00-ден түскі 14:00-ге дейін жабылады.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="61361,61360,61358,61357,61356"]