• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 4 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Ақтауда ІІ Каспий маңы елдерінің театр фестивалі мәресіне жетті

    [ 2018 ] 17 қыркүйек, 09:50  |  Жаңалықтар

    Ақтауда осымен екінші рет ұйымдастырылған фестиваль 4 күнге созылды. Шара «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымы мен Маңғыстау облысы әкімінің бастамасымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті. Оған  Каспий жағалауы және түркі тілдес елдердің кәсіби драма және музыкалық-драма театрлары шақырылды. Фестиваль барысында Ақмола облыстық орыс драма театры Шыңғыс Айтматовтың «Жанпида» оқиғасын, Әзірбайжан мемлекеттік Ұлттық академиялық драма театры Айшад Мамедовтың «Иуда» драмалық фарсын, Билех савар барбод театры Акбар Сагедидің «Алыстап кеттің сен менен» трагедиясын, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры М.Горкийдің «Шыңырау» драмасын, Кемине атындағы Мары мемлекеттік драма театры Энеджан Акмурадованың «Ескексіз қайықпен махаббат мұхитында» драмасын, Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры Альберт Камьюдің «Калигула» трагедиясын, Сабыр Амутбаев атындағы Мензелин мемлекеттік татар драма театры Гусейн Джавидтің «Ібіліс» трагедиясын, Уфа мемлекеттік «Нұр» татар театры Рональд Шиммельпфеннигтің «Өткеннен келген әйел» драмасын көпшілікке ұсынды. Бес елден бас қосқан театр ұжымдарының өнеріне Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы бағасын берді. Отандық және шетелдік театр сыншылары, өнер майталмандары спектакльдерді жан-жақты талқылап, таразыдан өткізді. «Театр – шынайы өнердің, адал достықтың, рухани байлықтың ордасы. Міне, 4 күн бойы Каспий жағалауы елдерінің арасындағы достық қатынасымызды нықтай білдік деп айта аламын. Халқымыздың біртуар азаматы, ұлы актер Нұрмұхан ағамның әруағы барлығымызды қолдап жүрсін! Фестивальге қатысқан барлық театр ұжымдарына шын жүрегіммен алғысымды білдіремін. Ұлы тұлғаны ұлықтап, келген қонақтарын жылы қарсы алып, 4 күн бойы ешқайда жібермей қонақ қылған осы өлкенің басшыларына, әсіресе, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановқа, фестиваль өтіп жатқан театр директоры Нұрнияз Мұхановқа және осындай үлкен бастама көтеріп, жүзеге асыра білген «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымына рахмет айтамын. Каспий жағалауы елдері театрларының мәдени-рухани ынтымақтастығының арқасында достық, жолдастық қатынасымыз нығая берсін демекпін», - деп, халық әртісі Асанәлі Әшімов ұйымдастырушыларға қазылар алқасы мүшелерінің атынан алғысын айтты. «Фестиваль әрқашан мереке! Театр деген театр ұжымын ғана емес халықты достастырады. Ақтау қаласында халықаралық саммит өтті. Міне, ізін ала халықаралық фестиваль өтті. Оған 5 елден 8 ұжым қатысты. Фестиваль бұл – жеңу немесе жеңіліс емес, бір-бірімен танысып, бір-бірінен жаңа нәрсе үйреніп, өнер алмасу шарасы.  8 ұжымның барлығы ең қаймақ, үздік туындыларын алып келді, бір-бірінің спектакльдерін көрді. Фестивальдің мақсаты – осы. Жаңа ғана халықаралық шараны аяқтап тұрмыз. Барлық өнер адамы, қатысушылар риза, халық та риза. Бүгін облыс әкімі қаржылай сыйлық, ұйымдастыру алқасы мен Түрксой алғыс хат пен естелік сыйлықтар тапсырды. Келесі фестивальде жүздескенше! – деді Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының директоры Нұрнияз Мұқанов. Фестиваль сарапшылар алқасының шешімімен Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына арналған Каспий жағалауы елдерінің ІІ Халықаралық театр фестиваліне қатысқан барлық тетар ұжымы үздік өнер көрсеткені үшін арнайы дипломдармен және қыржылай сыйлықтармен марапатталды.

    Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

    Суреттерді ұсынған Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының баспасөз қызметі [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="61030,61029,61028,61027,61026,61024"]
    1107
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар мәдениет
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    «Маңғыстау» арнасы жаңа маусымының тұсауын кесті

    Келесі жаңалық

    2022 жылғы Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Үңгірге кірсең үрікпе

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 13:26
      5504

      Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы артады

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 05:43
      2762

      Ақтауда "Сән құрақ" фестивалі өтті

      [ 2019 ] 10 желтоқсан, 11:34
      3232

      «Шыңырау» фильмі Үндістандағы кинофестивальге қатысып жатыр

      [ 2019 ] 10 желтоқсан, 09:52
      2331

      Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалануға байланысты жиын өтті

      [ 2019 ] 4 желтоқсан, 10:39
      2862

      Ертең Ақтауда балет музыкасының концерті өтеді

      [ 2019 ] 3 желтоқсан, 10:31
      1517

      Рубрикалар

        ӘдебиетРедакция туралыАНТИКОРанонсМәселеЖаңалықтарЭкономика

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстаулық дзюдошылар республикалық турнирде 13 алтын алды

      [ 2019 ] 20 наурыз, 19:37
      1915

      Маңғыстау жастары ҚР Тұңғыш Президентіне алғысын білдірді

      [ 2019 ] 20 наурыз, 12:20
      1837

      Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
      2280

      Ақтауда дзюдодан "Иса-Досан" жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

      [ 2019 ] 19 наурыз, 12:01
      2083

      Ғарышты зерттеп жүрген ақтаулық оқушы зымыранның ұшу сәтін тамашалады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 10:23
      2611

      Мемқызметшілер балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

      [ 2019 ] 18 наурыз, 07:01
      2149

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»