6 мен 8 тамыз аралығында Алматы облысы Талдықорған қаласында жасөспірімдер арасында өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өткізілді. Сайыста 12 мен 18 жас аралығындағы жастар сынға түсті.
Жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен 200-ден астам ойыншы қатысты. Ал Маңғыстау облысынан 11 жеткіншек бағын сынауға барды. XIII жазғы чемпионат жасөспірімдер арасында 2010 жылдан бері өткізіліп келеді.
«Бұл спортқа қатысушыларды мамыр айында мектеп аралық жарыс жасап, балаларды командаға іріктеп алды. Өңір жастарын республикалық чемпионатқа №8 өрт сөндіру бөлімі Күзет басқармасының бастығы, команда жаттықтырушысы Бақтыбай Сүйлейманов апарды», - деді жас спортшы, жарысқа қатысушы Дәурен Кусманов.
Маңғыстаулықтар командалық есепте III орынға ие болды. Чемпионат басталысымен Дәурен Кусманов 100 метрге кедергімен жүгіруден I орын алса, Маңғыстау құрама командасы өрт сөндіру эстафетасынан III орынға ие болды. Ал жарыстың екінші күні оқу мұнарасына баспалдақпен көтерілуден командалық есепте маңғыстаулықтар 3-ші орынға ілікті. Командадағы Фахад Дусказинов, Дәурен Құсманов ҚР спорт шеберін орындап, Қазақстан құрама сапына ілінді. Илико Инасаридзе және Абай Қонысбаев ҚР спорт шеберіне үміткер атағына ие болды.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
Суреттерді ұсынған Д.Кусманов
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="59493,59494"]