Белгіленген аймақ жөнінде Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Әбдіраш хабарлады. - 4 шағынаудан тұсы мен «Шора» су арнасы, «Каспиан Ривьера» қонақ үйіне қарама-қарсы жағалаудан облыстық филармонияға дейінгі аралықтағы жағалау қауіпті аймақ болып бекітілді. Осыған байланысты жағалауларда ескертпе тақтайлар ілініп, беліглер қойылды. Тыйым салынған аймаққа шомылу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттмасы толтырылып, 16 835 теңге мен 144 300 теңге аралығында айыппұл салынатын болады, - деді Нұрсұлтан Асқарұлы. 2015 жылдан бері қала аумағында 18 адам суға кеткен. Талдау бойынша төтенше жағдайлар тыйым салынған аумақта және қауіпсіздік сақталмауынан болып отыр. - Адам өлімінің негізгі себептері: жабдықталмаған су айдындарында шомылу; судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу; ересектердің қарауынсыз балалардың (12 жасқа дейін) су айдындарына жақын аймақта болуы; балық аулау кезіндегі ереженің сақталмауы, - дейді төтенше жағдай өкілі. Сондай-ақ Ақтау қаласының теңіз жағалауында орналасқан жағажай аймақтарында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жан-жақты жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН