Бұл жөнінде бүгін Ақтау қалалық әкімдігінде өткен брифингте Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Әбдіраш мәлімдеді. Суға кету фактісі жиі тіркелетін арна енді тұрғындар өте алмайтындай етіп қоршалмақ.
- Қала әкімдігімен бірлесіп «Шора» су арнасын темірмен қоршайтын боламыз. Байқасаңыздар, мында су иірімі бар. Дәл иірімнің жанында адамдар суға түсіп жүр. Су астында адам 4 минутқа дейін шыдайды, одан әрі тірі болмайды. МАЭК-тен келген су теңізбен қосылған кезде су иірімі пайда болады. Әйтпесе ол жердегі су биіктігі адам бойынан аспайды. Айналған кезде алып кетеді. Қоршауды көріп тұрсыздар, бірақ содан секіріп өтіп, шомылып жүр. Сондықтан адамдар өте алмайтын етіп қоршамақпыз. Ол жұмыстар осы аптаның соңы, келесі аптада аяқталмақ, - дейді Нұрсұлтан Асқарұлы.
https://www.youtube.com/watch?v=8esUAYYYmRcМұнда қайғылы оқиғаның жиі тіркелуі - су иірімінің әрі тұрғындар немқұрайлығының салдары дегенді алға тартады мамандар.
- «Шорада» суға кеткен адамды іздестіру кезінде онда тұрғындар суға түсіп жүрді. Жандарына барып ескерттік, мұнда қайғылы жағдай орын алғанын айтып, суға түспеулерін өтіндік. Дегенмен олар түсінуге тырыспайды, тіпті мән бермейді. Сөзіміз әсер етпеген де сыңайлы, - дейді Жедел құтқару жасағының басшысы Владимир Арзутов.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН