©
12-17 маусым күндері Әзірбайжан астанасы Бакуде көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтті. Турнирден өлке спортшылары олжалы оралды. Бұл туралы «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің және МО көркем гимнастикадан бас жаттықтырушысы Бибігүл Ерназарова мәлімдеді.
Додаға Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Грузия мемлекеттері қатысқан.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Айтта арақ-шарап сатпайтын дүкендер марапатталдыСайыс жеке және топтық бағдарламада өткен. Жеке сында Әбдірахман Ұлжан 2 орын, Жаңбуршиева Жансая мен Саида Дәуренқызы 3 орын иеленді. Ал топтық сайыста Аққуым Манарбекқызы, Сана Абайқызы, Аружан Қуанбаева, Дарья Лукьянчикова 3 орын алды.
Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын жүлделерімен құттықтаймыз!
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді ұсынған Бибігүл Ерназарова
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="56824,56825,56826,56827"]