Ақтауда МО ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының ұйымдастырумен Нашақорлыққа қарсы күрес акциясы өтті. Шараға оқушылар мен студенттер, МО ІІД өкілдері, ұстаздар мен ата-аналар, облыстық наркологиялық диспансер өкілдері қатысты.
Халықаралық нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күні ауқымды қаламызда деңгейде атап өтілді. 1987 жылы 7 желтоқсанда БҰҰ бас ассамблеясында мүше мемлекеттердің арасында есірткіден азат халықаралық қоғам құру жөнінде айтылды. Соған сәйкес міндеттерді орындау мақсатында 26 маусымды Халықаралық нашақорлықпен күрес күні ретінде белгілеу жайлы шешім қабылданды.
Шараны МО ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының аға жедел уәкілі Камил Абдуллаұлы өз сөзімен бастап берді.
-Бүгінгі акция біздің облыста ғана емес, бүкіл ел аумағында өткізіледі. Біз ең бірінші өзімізге, отбасымызға көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет. Балаларымыз мұндай қадамға бармас үшін кішкене кезінен көңілін басқа нәрсеге аударуымыз қажет. Спортқа баулуымыз қажет. Акцияның мақсаты да жасөспірімдерімізге, балаларға есірткінің зиян екенін, өмірге қауіп төндіретінін түсіндіру, - деді ол.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы — 37,6 жасОл сонымен қатар сөз арасында облыс аумағында жыл басынан бері 190-нан аса есірткі қылмысы тіркелгенін, шамамен 45-і есірткі саудасына қатысты екенін, 90 келідей есірткі тәркіленгенін айтты.
Қоғамның аталмыш өзекті мәселесін шешуге үлес қосып жүрген құзырлы орган өкілдері шара барысында жастар мен балаларға есірткінің қаупін жан-жақты түсіндіруге тырысты. Иіс сезгіш итті де ортаға әкеліп, есірткі іздеу барысын таныстырып, тәжірибе жүзінде көрсетті. Спорттық гимнастика, у-шу өнерін меңгерген бүлдіршіндер өнерлерін ортаға салды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="56958,56959,56960,56961,56963,56957"]