©
Маусымның 23-25 күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан жастар кубогы өтті. Онда Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, БАӘ, Татарстан, Израиль, Сингапур және жарыс қожайындары Өзбекстан елінің спортшылары бақ сынады. Ел намысын қорғаған маңғыстаулық өрендер де жарыстан жүлделі қайтты. Бұл туралы көркем гимнастикадан МО бас жаттықтырушысы Бибігүл Ерназарова хабарлады.
Гимнастшылар екі топта өнер көрсетті. «А» тобында Қибасова Аяулым булавтармен өнер көрсетуден 2 сатыға, көпсайыстан 5 сатыға тұрақтады. Рысбике Сейбағыт 3 орын (булавпен өнер көрсету), Жаңбуршиева Жансая 1 орын (доппен және шығыршықпен), көпсайыстан 3 орын, Шабанова Мадина 3 орын (көпсайыс) иеленді.
«Б» тобында Қарлығаш Кәрімхан 2 орын (доп), Кәусар Жұмабай 1 орын (доп), Әмина Ауданбаева 3 орынға (булав) иелік етті.
Ал спортшылар командалық есепте 3 орынды қанжығалады.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="56816,56820,56817,56818,56819"]