Бұл жөнінде tumba.kz сайты хабарлады.
Оқиға 27 шағынаудан 85 үйдің жанында болған. Toyota Camry көлігін басқарған 17 жастағы жігіт үй жанында ойнап жүрген баланы қағып кеткен.
Кінәліні табу ұзаққа созылмады. Ол 27 шағынауданның қыркүйек айында камелетке толатын тұрғыны болып шықты. Жасөспірімнің ата-анасының қатысуымен тексеріс шаралары жүргізілді.
Зардап шеккен баланың жіліншік сүйегі сынған. Ол ауруханаға жеткізілді.