©
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында Маңғыстау облыстық Білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы білім беру бөлімінің басшысы Клара Құлатаева хабарлады. Мемлекеттік гранттан қалыс қалған түлектер облыс әкімінің грантынан үміттене алады.
-Өткен жылы мемлекеттік грант саны 54 мың болды. Биыл оның қатары Елбасы жарлығымен 20 мыңға көбейтілді. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға арналған. Мемелекеттік гранттан бөлек облыс әкімінің де гранты беріледі. Еліміздің жоғары оқу орындарына 50 – бакалавр, 25 – магистратура гранты тағайындалды, - дейді Клара Қашқынбайқызы.
Өңірге қажетті мамандарды даярлау мақсатында білім грантын бөлу туралы аймақ басшысы Ералы Тоғжанов та өз сөзінде айтқан болатын.
Айта кетейік, биыл облыс бойынша 5611 түлек мектеп бітіреді. Оның 4167-сі ҰБТ тапсрыуға ниет білдірген. Олар алдымен қорытынды аттестациялаудан өтеді. Қорытынды аттестация бойынша облыс көлемінде 134 комиссия жұмыс істейтін болады. Мемлекеттік бітіру емтиханы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында, ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді деп жоспарланған.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ