©
Оның ішінде колледж студенттері үшін – 1600, Есенов университеті студенттері үшін – 1000 орын қажет. Мәселені шешу мақсатында Ақтау және Жаңаөзен қалаларынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша және инвесторлар қаржысы есебінен құрылыс салу қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде Білім басқармасы мамандарының қатысуымен Өңірлік Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.
-Мемлекет басшысы 5 әлеуметтік бастамасында студенттерді толықтай жатақханамен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берген еді. Қазір облысымызда 1392 орынды құрайтын 5 жатақхана бар. Қосымша 2600 орындық жатақхана салуды қажет етеді. Оның ішінде кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарына – 4, жоғары оқу орындарына – 2 жатақхана қажет. Қазіргі таңда олардың құрылысына арналған учаскелер анықталды. Біз оған дейін мәселені жедел шешу бағытында дайын ғимараттарды сатып алу жолдарын қарастырып жатырмыз, - дейді Маңғыстау облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қойжанов.
Басқарма өкілі 2600 орындық жатақхананы 2018-2020 жылдар аралығында толықтай қамтамасыз ету жоспарланғанын жеткізді.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ