©
Халықаралық додаға Армения, Грузия, Әзірбайжан, Қырғызстан елінің спортшылары қатысады. Бұл туралы «Жас батыр» спорт кешенінің директоры Манарбек Бисекенов хабарлады. Турнир 1-2 мамыр күндер Ақтау қаласы Теннис орталығында өтеді.
-30 сәуір күні барлық қатысушылар Ақтау қаласына келеді. Конференция өтеді, жеребе тартып, салмақ өлшейді. Турнирге 2001-2003 жылы туған жасөспірімдер қатысады. Жүлделі орын алғандар медальмен, Алғыс хатпен марапатталады және «Спорт шеберіне үміткер» атағы беріледі. Қазақстанның барлық облысынан қатысушылар келеді, - дейді Манарбек Бейсекенов.
Турнирде 800-ден 1000-ға дейін спортшы бақ сынайды. Маңғыстау намысын 150 палуан қорғамақ. Ер Қосайға арналған халықаралық жарыс осымен биыл оныншы рет өткізілгелі жатыр.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Бейнеу барысы» анықталды