Ақтөбе қаласында өткен «Қызыл доп» турнирінде ақтаулықтар екі алтын, бір күміс және екі қола жүлде қанжығалады. Турнир қорытындысы жөнінде Ақтау теннис орталығының директоры Азат Мангубаев мәлімдеді.
Сайысқа еліміздің батыс өңірінен 6-8 жас аралығындағы 67 теннисші қатысқан.
Диас Төлепбергенов пен Даяна Нұрланқызы алтын жүлдеге ие болса, Нұрдәулет Балқан күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Альмира Аташева мен Мадина Дегениязова үшінші сатыға тұрақтады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қазақстанда 1000 адамның 155-і — зейнеткерДиас Төлепбергенов бұған дейін де «Қызыл доп» турнирінің алтын жүлдесін, Даяна Нұрланқызы күміс, Альмира Аташева қола жүлдесін жеңіп алған.
-Жас спортшыларымыз орталық ашылғалы бері 2,5 жыл көлемінде тенниспен айналысып келеді. Қазіргі көрсетіп жүрген нәтижелері – үлкен жетістік. Маңғыстау облысында теннис спортының қарқынды дамып келе жатқанының бір көрінісі. Оған спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың қосқан еңбегі орасан. Сонымен қатар, бізге қолдау көрсеткен Ақтау қалалық спорт бөлімінің басшысы Қанат Жұмабаевқа алғысымызды білдіреміз, - дейді Азат Мангубаев.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА