8-11 наурыз аралығында Ақтаудағы «Досан батыр» спорт кешенінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері Талғат Калимовты еске алуға арналған республикалық турнир өтті.
Тартысты жарыста республиканың түкпір-түкпірінен жиналған және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген 2002-2003 жылғы 180 боксшы қатысып, 14 салмақ бойынша сынға түсті.
Нәтижесінде, Маңғыстау өңірі командалық есепте бірінші орын алды. Спортшылар 2 алтын, 5 күміс және 9 қола медальды қанжығаға байлады.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="50379,50380,50377,50381"]