«ЕҢЛІКГҮЛ – 2016» сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі Алматы қаласында өтті. Халықаралық театр күнімен тұспа-тұс келген марапаттау кеші М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академияда болды. Жыл сайын ұйымдастырылатын шарада театр өнерінің әртістерін дәстүрлі түрде «Жыл әртісі», «Жыл режиссері», «Жыл суретшісі», «Жыл драматургі» және басқа да номинациялар бойынша марапаттайды. Медғат Өмірәлиев 30-дан астам рөлдерді сомдады. Бұл Маңғыстау театры әртісінің алғашқы марапаты емес. Өткен жылы ол Астана қаласында өткен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанған болатын. Сол кезде конкурсқа қатысуға ниет білдірген 227 адамның ішінен тек 19 номинант қана суырылып шыққан.
Медғат Өмірәлиев «Драма театрдың әртісі» мамандығы бойынша Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жоғары білімді алды. Маңғыстау драма театрында 2003 жылдан бері жұмыс жасайды.