- Бүгін Маңғыстау облысының әкімдігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «АЛМЭКС» холдингтік тобы» АҚ-ы арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі үшжақты меморандум жасалды. Құжатқа Маңғыстау облысы әкімінің м.а. Сүйіндік Алдашев, ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, «АЛМЭКС» холдингтік тобы» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Жомарт Нұрабаевтар қолдарын қойды, - деп хабарлады ҚазАқпарат.
Ынтымақтастық меморандумы аясында шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелейтін шағын қаржы ұйымы құрылды.
Шағын қаржы ұйымы кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге тәжірибе жинауға көмектеседі. Жалпы алғанда бұл, жаңа өндіріс ошақтарын ашуға серпін беріп, нарықта қазақстандық тауарлардың артуына жағдай жасайды.
«ALMEX» инвестициялық қоры арқылы қолжетімді шағын неиселеу жобасын жүзеге асыруға «Атамекен» ҰКП 300 млн теңге бөледі. Бөлінген қаржы Маңғыстау облысында халыққа шағын несие беруді дамытуға бағытталады.