Қазақстандық фристайлшылар Олимпиада ойындарындағы могул сайысының іріктеу кезеңінде бақ сынады деп хабарлайды olympic.kz сайты. Юлия Галышева бірінші мүмкіндігінен-ақ 76.36 ұпай жинап (7 орын), финалға жолдама алды. Өкінішке қарай, ақтық сынға Аяулым Амренова өте алмады - 52.78 ұпай (26 орын). Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков та келесі кезеңгі өтті. Дмитрий 81.23 ұпай (3 орын) жинаса, Павелдің көрсеткіші 79.98 ұпай (7 орын). [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="48072,48071,48070,48069,48066"]